Жаңалықтар 02.02.2022 сағат 04:29

Елорданың митинг өтетін алаңдарына бейнебақылау камерасы қойылады

Бейнебақылау камераларын орнату жұмысы аудандық әкімдіктер және полиция департаментімен кеңесіп жүргізіледі.
Елорданың митинг өтетін алаңдарына бейнебақылау камерасы қойылады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласында митинг өтетін қоғамдық орындарға бейнебақылау камерасы қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен жылы күш құрылымдарының шұғыл тапсырысына сәйкес, қала аумағында ірі митингтер өтетін қоғамдық орындарға 500 бейнебақылау камерасы қойылды. Қала бойынша бейнебақылау камерасын орнату жұмысы одан әрі жалғасады. Қазір Алматы және Байқоңыр аудандары бойынша қай жерлерге камера орнату керектігі анықталды. Сарыарқа ауданына келсек, бүгінде техникалық тексеру жүріп жатыр. Содан соң Есіл ауданына кірісеміз", - дейді Ботагөз Қасабек қалалық мәслихат отырысында.

Оның айтуынша, бейнебақылау камераларын орнату жұмысы аудандық әкімдіктер және полиция департаментімен кеңесіп жүргізіледі.

"Тағы бір өзгеріс - бұған дейін қала картасында қай жерде бейнебақылау камерасының орнатылғаны көрсетілетін. Ендігі уақытта бейнебақылау камерасы бар деген белгіні картада көрсетуге тыйым салынды. Бұл лаңкестікке қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында енгізіліп отыр", - дейді ол. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар