02.02.2022, 09:20

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі көбейді

Фото: Tengrinews.kz
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 246 103-ке жетті.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 149 адам тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 246 103-ке жетті, - деп хабарлады tengrinews.kz. 

"Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 822, Алматы қаласында - 1 336, Шымкент қаласында - 77, Ақмола облысында - 691, Ақтөбе облысында - 243, Алматы облысында - 273, Атырау облысында - 145, Шығыс Қазақстан облысында - 265, Жамбыл облысында - 132, Батыс Қазақстан облысында - 346, Қарағанды облысында - 1 063, Қостанай облысында -462, Қызылорда облысында - 49, Маңғыстау облысында - 46, Павлодар облысында - 784, Солтүстік Қазақстан облысында - 382, Түркістан облысында - 33", - делінген хабарламада.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.