Ақтөбе облысында жол жиегіндегі кетіп бара жатқан ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 ақпанда сағат 00:35 шаасында болған.«Volkswagen Sharan көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден Бестамақ ауылы бағытында Ақтөбе – Астрахань жолының бойымен келе жатқан. Ол тасжолдың 18-шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп, Бестамақ ауылынан Ақтөбе бағытымен жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен», - делінген хабарламада.
Қатты соққы салдарынан 37 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен «ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.