02.02.2022, 17:40

Шекарашылар 300 миллион теңгеден аса қаржыны заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті

gov.kz
Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР-дан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажеттігін еске салады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.