Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бері 30 жыл ішінде ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік танытқаны үшін Ибрахим Раиси мен иран халқына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.