$ 446.49  475.38  4.79

Желіде Тоқаевтың әкесі туралы фильм сценарийінің фотосы тарап жатыр

«Мұқабасына қарағанда, президенттің «Әке туралы ой-толғау» кітабына негізделген.
orda.kz
orda.kz

Әлеуметтік желілерде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев туралы фильм сценарийінің фотосы тарап жатыр.

«Мұқабасына қарағанда, президенттің «Әке туралы ой-толғау» кітабына негізделген. Ал оның өндірісімен NAR Media Group айналысатын болады» деп жазылған Qumash Telegram-арнасының хабарламасында.

Белгілі болғандай, мұндай атаумен ЖШС шынымен бар.

«Аты-жөнін айтқысы келмеген азамат фильмнің аты «Кемел» емес, басқаша болатынын, толық ақпарат бір аптадан кейін ғана болатынын айтты. Кем дегенде, олар бұл жалған емес екенін және түсірілім жүріп жатқанын (немесе өтіп кеткенін) білді. Ескі жаңа Қазақстан», – деп түйіндеді Qumash.

Кемел Тоқаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі. Кемел Тоқаевты «Қазақ детективінің атасы» деп атайды.

1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.

1960–1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.

Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.

Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің құрмет грамотасымен және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.

                                                                                                                        orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары