$ 449.58  486.94  4.86

Бейжің-2022: Бір күнде 55 адам коронавирус жұқтырды

Ұйымдастыру комитеті бұл - делегациялар келгелі бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш екенін айтып дабыл қақты.
inform.kz
inform.kz

Ұйымдастыру комитеті бұл - делегациялар келгелі бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш екенін айтып дабыл қақты.

Бүгінге дейін Олимпиада ойындарына келген 300-ге жуық адамнан короновирус белгілері байқалған.

Қазіргі таңда оның барлығы ұйымдастыру комитетінің талаптарына сай карантинге жатқызылып, тексерілуде. Олардың қатарында спортшылар да бар.

Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басты талабы - Бейжіңге келгенге дейін вакцина алған болуы шарт.

Сонымен қатар олар Қытайға барғанға дейін бір және келген соң 2 рет ПТР тест тапсыруға міндетті.

Олимпиада ойындарында спортшыларға тәртіп қатал. Әр делегация мүшелері күн сайын сынақтан өтіп отыруы тиіс.

Тест нәтижесі оң нәтиже берген жағдайда Олимпиадаға қатысу құқығынан айырылады.

Қазақстандық спортшылар бүгін фристайл-могулдан алғашқы іріктеу жарысын өткізді. Әзірге жерлестерімізден ковид табылған жоқ.

Айта кетейік, Ақ Олимпиаданың ресми ашылу рәсімі ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55 те басталады. Салтанатты шараны «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары