$ 447.4  477.55  4.76

Елордалықтар тұрғын үй кезегіне енді тек egov.kz арқылы тұрады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қорының" хабарлауынша, енді тұрғын үй кезегіне қою туралы өтінімді Халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдамайды.
arnapress.kz
arnapress.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қорының" хабарлауынша, енді тұрғын үй кезегіне қою туралы өтінімді Халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдамайды. Кезекке қою тек электронды түрде www.egov.kz  порталы арқылы жүргізілетін болады, деп жазады inbusiness.kz.

Портал арқылы кезекке қою үшін www.egov.kz тек ЭЦҚ қажет. Кірістер, адрестік тіркеу, санатқа жататындар туралы барлық басқа деректерді база өзі көреді.

Тұрғын үй кезегіне азаматтардың қай санаттары тұра алады?

• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

• жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

• халықтың әлеуметтік осал топтары;

• көпбалалы отбасылар;

• мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызметтерді атқаратын адамдар;

• жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдай деп танылған азаматтар. Халықтың әлеуметтік осал топтары дегеніміз кім?

• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

• мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

• кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар:

• қарт азаматтар;

• жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

• көпбалалы отбасылар;

• толық емес отбасылар;

• I және II топтағы мүгедектер;

• оралмандар;

• экологиялық зілзала, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан үйінен айырылған адамдар;

• мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қандай құжаттар қажет?

Тек ЭЦҚ.

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезегіне тұру үшін кемінде үш жыл бір мекенжайда тұрақты тіркелген болуы қажет. Кезекке тұрған адамның отбасы мүшелерінде кезекке тұрған сәтте және соңғы 5 жылда ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үй мүлкі болмауға тиіс.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары