$ 494.87  520.65  4.91

ҚТЖ-ның топ-менеджеріне қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды

Қаржы полициясы «Қазақстан Темір жолы» АҚ-на еншілес компаниясының топ-менеджеріне қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2014 жылғы мамырда дизельдік жанармай жеткізу келісім-шартын жасауға көмектесу үшін «Нұр Табыс Мұнай - НТМ» ЖШС өкілінен жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айыппен «Локомотив» АҚ атқарушы директоры Е.Қалаубаев қамауға алынған болатын.

Бұдан басқа, пара алуға қатысты деген айыппен «Қазтеміртранс» АҚ атқарушы директоры Д.Әлмусинге іздеу жарияланды. Оның бой тасалап жүрген жері анықталуда.

«15 шілдеде Қалаубаевқа қатысты дизельдік жанармайды теміржол көлігімен тасымалдау кезіндегі «Нұр Табыс Мұнай - НТМ» ЖШС-нің шығындарын өтеу барысында «Локомотив» АҚ-ның 30 млн. теңге қаражатын ұрлау фактісі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары