$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік саясатты құпия қолдайтын БАҚ-қа 1 млрд теңге бөлінді

Ол БАҚ па, блогерлер ме, әлде ақпараттық саясаттың басқа да құпия орындаушысы бола ма – әзірге құпия.

Биыл мемлекеттік ақпараттық саясат шығындары 50 млрд теңгеден (шамамен 116 млн доллар) аспақ. Мемлекеттік телеарналар, газеттер, интернет-ресурстар және тәуелсіз блогерлердің қызметіне жыл соңына дейін осынша қаржы жұмсалатын болады, деп жазады Ratel.kz.

Мемлекеттік БАҚ пен Мониторинг орталығының қызметінен бөлек, тізімде "ҚПҮ" (қызмет бабында пайдалану үшін) деген жұмбақ жолақ пайда болған, оған  1 млрд теңгеден астам қаржы құйылмақ. Ол БАҚ па, блогерлер ме, әлде ақпараттық саясаттың басқа да құпия орындаушысы бола ма – әзірге құпия. Айта кетерлігі, бұл жолақ – биылғы жылдың жаңалығы, бұрын мемлекеттік ақпараттық саясатта бұл болған емес.

Сонымен қатар, қарапайым есептеулер көрсеткендей, 6 миллиард теңгеге жуық қаржы жекеменшік БАҚ-қа бөлінеді (үш жыл бұрын бұл сома 2,5 есе аз болған). Алайда Ақпарат министрлігі бұл ақшаны кім және не үшін алатынын ашып айта қоюы екіталай.

Бұдан бөлек, өңірлердегі насихат жұмыстарына жұмсалатын шығынды есепке алу қажет (шамамен 5 млрд), сонда барлығы 55 млрд теңге болады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары