$ 494.87  520.65  4.91

Бағалы заттармен көзге түскен шенеуніктің төңірегіндегі дау әлі де аяқталар емес

30 жастағы шенеунік қызметке президенттік резерв мүшелері арқылы келгенін айтса, мемлекеттік резервтегілер мұндай ақпаратты жоққа шығарды.
Фото: ашық дерекөзден
Фото: ашық дерекөзден

Жақында мемлекеттік істер агентігінде орынбасары болып Айнұр Серғазиева тағайындалды. 30 жастағы шенеунік қызметке президенттік резерв мүшелері арқылы келгенін айтса, мемлекеттік резервтегілер мұндай ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл бос жұмыс орыны туралы бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Айнұр Серғазиева президенттік резерв мүшесі емес. Бұл қызметке үміткерлерді іріктеу мен тағайындау жабық түрде өткізілген. Бұған дейін президенттік резерв мүшелерін мемлекеттік қызметке алу механизмі болмаған» деді Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Сұлтан Түндікпаев. 

Еске салсақ, 30 жастағы Айнұр Серғазиева бағалы бұйымдарымен, сәнге және саяхатқа деген қызығушылығымен жұрт наразылығын тудырған.

«Зерде» ұлттық холдингінде ресми түсініктеме берілмеді. Тек қатардағы менеджерден басшылық орынбасарына дейін көтерілген Айнұрдың салтанатты өмірі оның бұл қызметке келмей тұрып болғанын айтқан.

Серғазиева қазақстандықтардың сыни пікіріне жауап ретінде үйінің ипотекаға алынғанын, ата-анасы зейнеткер екенін алға тартты.

«Мен қазір мемлекеттік қызметке тағайындалғандықтан жеке тұлға ретінде көпшілікке өзім туралы айту шешімін қабылдай алмаймын. Бізде оған жауап беретін баспасөз қызметі бар. Олар келіссе, олардың айтқан бағыты бойынша барынша жауап беремін, келіспесе сұхбат бере алмаймын. Шешімді мен қабылдамаймын» деді Айнұр Серғазиева.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары