Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 840 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды orda.kz.
10.16-да Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОME» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 840 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,0, магнитудасы – MPV 6,9, тереңдігі – 200 шақырым.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.