Жексенбі, 6 ақпанда Қазақстанның бірнеше өкілі Бейжіңдегі Олимпиада-2022-де жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
6 ақпан бойынша кесте:
Шаңғы жарысы. Скиатлон 30 шақырым, ерлер. Финал 13:00. Виталий Пухкало, Евгений Величко
Могул, әйелдер. Екінші біліктілік. Финал 16:00. Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Олеся Граур
Трамплиннен секіру. HS-109 трамплин, ерлер. Бірінші раунд, финал 17:00. Сергей Ткаченко, Данил Васильев
Еске салайық, қазақстандық спортшылар Олимпиадада алтын алған жағдайда 250 мың доллар, күміс алса - 150 мың доллар, ал қола медаль алса 75 мың доллар беріледі.