Алматының орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қойма ағымдағы жылдың қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктердің ошағынан табылды. – Жедел іс-шараларды жүргізу барысында “Самал” ықшамауданында Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты.
Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің тиесілігі тексеру барысында анықталады, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.