Атақты дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы естеліктерімен бөлісіп, «ол тірі болғанда қасіретті қаңтарда ел басшысыз қалмайтынын» мәлімдеді. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлайды.
- «Әкем болғанда, Қазақстан қалай өзгерер еді деп көп жылдан бері ойланып келемін. Шенеуніктердің халықтың сұрағына қалай жауап беретінін не мүлдем елемейтінін әкемнің әрекеттерімен салыстырамын. Кем дегенде, болған оқиғаға солай болды.
Оқиғаның алғашқы күндері басшысыз қалмайтын едік, оған нық сенімдімін. Ол керек сұрақтардың жауабын білді, жағдайға білікті түрде иелік етіп, кез-кеген сұраққа сауатты жауап беретін еді. Ешқандай «ммм, аааа, солай, өйткені» деген сөздерсіз. Ең бастысы, ол өзінің ауылдан шыққанын ұмытқан емес. Көкірегін керген емес, адасқан жастарға айтар сөз табатын. Тіпті, адреналинді агрессивті күйдегі жастарға айтар сөз табатын еді.
Екеуміздің соңғы жеке әңгімемізден үзінді: «Менің арым таза, өйткені халық үшін өмір сүрдім. Сен мұны мақтан тұта аласың, уақыт өте келе артығымен бағалайсың» - деп жазды Заманбек Нұрқаділовтың қызы өз парақшасында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.