$ 443.85  474.3  4.8

«8 бөлмелі үйім бар»: Дәстүрлі әнші Дикий Арманның арқасында зәулім үй алғанын айтты

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева қылмыс әлемінің серкесі "Дикий Арманның" арқасында зәулім үй алғанын айтып, тіпті үйінің ішін де сол арқылы толтырғанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы 7 арнадағы "Aibat" бағдарламасында айтылды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бәрі көрді ютубтан доллар лақтырып жатқанын, сол түскенін әуелі келдім де осыннан үй алдым. Қазір 8 бөлмелі үйім бар Аллаға шүкір. Одан кейін Дубайға бардық, ол кісінің тағы да берген сыйлығына үйімнің ішін толтырдым. Кәдімгі түзу жолдағы, қазақ деп жаны ашитын ер-азаматтың бірі, кәдімгі қазақтың батыры", - деді Наркенже Серікбаева.

Қазақ өнерпаздары үшін түрлі шаралар ұйымдастырған Арман Жұмагелдиев болатын. Сол кештердің біріне барған айтыскер ақын Балғынбек Имашев Арманмен ешқандай байланысы жоқ екенін айтты.

"Ешқандай байланысым жоқ. Сол жерде бірінші көрдім. Мені ол жерге шақырған Айнұр. Қонақ ретінде шақырды. Арман бізді ешқашан еш жерге шақырған емес", - деді Балғынбек Имашев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары