Алматы полициясы аялдама қарияны таяқпен ұрған көлік жүргізушісі ұсталғанын хабарлады.
“Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру шаралары барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Оның Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ұсталған азамат өзін ақтау үшін қарияның көлігіне зақым келтіргенін айтты", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.
Сондай-ақ, оқиғаның Алматы облысы аумағында болғаны белгілі болды.
"Қылмыстық іс материалдары қосымша тергеу және шешім қабылдау үшін Қарасай аудандық полиция бөліміне, Алматы облысының полиция департаментіне жолданады", - деді Рустам Әбдірахманов.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.