Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькимен 1 500 метр дистанцияға жүгіруден жарыстар өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған қашықтықты конькиші Надежда Морозова 1:56:85 уақытта жүгіріп өтті. Алайда, бұл көрсеткіш оны жүлдегерлер қатарынан көруге аздық етті. 1 500 метр қашықтықта ел намысын Морозовадан бөлек, Екатерина Айдова да қорғаған болатын.
Өкінішке қарай екеуі де жүлделі орындардан тыс қалды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Морозова әйелдер арасында 3000 М қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өткен еді. Нәтижесінде отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы арасынан 13-ші орыннан көрінді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.