07.02.2022, 17:00

Бейжің-2022: конькиші қыздарымыз жүлдеге іліге алмады

Фото: ашық дереккөз
Аталған қашықтықты конькиші Надежда Морозова 1:56:85 уақытта жүгіріп өтті.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькимен 1 500 метр дистанцияға жүгіруден жарыстар өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған қашықтықты конькиші Надежда Морозова 1:56:85 уақытта жүгіріп өтті. Алайда, бұл көрсеткіш оны жүлдегерлер қатарынан көруге аздық етті. 1 500 метр қашықтықта ел намысын Морозовадан бөлек, Екатерина Айдова да қорғаған болатын.

Өкінішке қарай екеуі де жүлделі орындардан тыс қалды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Морозова әйелдер арасында 3000 М қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өткен еді. Нәтижесінде отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы арасынан 13-ші орыннан көрінді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.