20.11.2016, 04:35

Үндістанда пойыз апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қайтыс болды

Үндістанда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, салдарынан кемі 63 адам көз жұмды деп хабарлайды indianexpress.com. Апаттың себебі әлі белгісіз. Вагондар таңға жуық темір жолдан шығып кеткен. Болжам бойынша, машинист ұйықтап кеткен болуы мүмкін.

Қазіргі таңда оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік өкілдері қаза тапқандар санының әлі де өсетінін айтуда. Пойызда нақты қанша адам болғаны да әлі анықталмаған.

Төтенше жайт 20 қарашаға қараған таңда елдің солтүстігіндегі Перва елдімекеніне жақын маңда орын алған. Патна — Индор бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетіп, жол бойына аударылған.

Құтқарушылар мен дәрігерлер аман қалған жолаушыларды Канпур қаласындағы ауруханаға тасымалдауда.