$ 443.85  474.3  4.8

500 млн теңгеге қымбаттаған: Шымкент әуежайы тағы сатылымға шығарылды

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміндегі нысан 2020 жылы да саудаға қойылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкенттің әуежайы тағы сатылымға шығарылды. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміндегі нысан 2020 жылы да саудаға қойылған. Бірақ ол уақытта бір ғана сатып алушыдан өтініш түскендіктен сауда сәтті аяқталған жоқ, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы. 

Өткен жылдары әкімдік 5,2 миллиард теңгеге бағалаған әуежай қазір 500 миллион теңгеге қымбаттады. Әуежайды бұл салада кемінде 5 жылдық тәжірибесі бар адам ғана сатып ала алады.

Сондай-ақ сенімгерлік басқаруға алған азамат үш жылда техникалық жай-күйін жақсартып, сыртқы қасбетін сақтауға міндеттеледі. Содан кейін ғана өз иелігіне толық өткізеді. Қазір бұл аймақтың маңынан жеке инвестор есебінен жаңа терминалдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жолаушылардың басым бөлігіне қызмет көрсететін нысан биыл пайдалануға берілуі керек. Іске қосылған күннен бастап табыстың белгілі бір мөлшерін ескі әуежай иесімен бөлісетін болады. Себебі екі арада келісім-шарт жасалады.

“Қазіргі кезде егер әлеуетті өнім беруші біреу ғана болса да конкурс өткен болып танылады екен. Бұл бізде Қазақстанда практикада бар. Жалпы әлемдік практикада бар. Ол жерде белгілі бір келісімінсіз, яғни сенімгерлік басқарушы компания мен жаңа терминал салып жатқан инвестор арасында белгілі бір келісімінсіз инвестор жұмыс істей алмайтынын біліп отыр”, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары