20.11.2016, 04:49

Алматы-Астана тас жолында ірі жол апаты орын алды

Алматы-Астана тас жолының бойында Балқаш қаласына жақын маңда жолаушылар автобусы мен ГАЗель жүк көлігі соқтығысты деп хабарлайды motor.kz.

Әзірге аталған жол апатынан 2 адамның қайтыс болғаны белгілі. ГАЗель көлігінің жүргізушісі ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Өзге мәліметтер жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа аталған трассадағы көктайғақ себеп болған.