Олар өздеріне жария етпеу туралы келісім беру ұсынылғанын атап өтті. Алайда қадағалау органының өзі тергеу құпиясын ашып отыр, деп хабарлады sputnik.kz.
Арман Жұмагелдиевтің ("Дикий Арман") қорғаушылары Бас прокуратура өкілінің сөзіне таңғалды, деп мәлімдеді қылмыс әлемі серкесінің адвокаттары.
Олардың пікірінше, біріншіден, тергеу құпиясы ашылды. Екіншіден, "Арман Жұмагелдиевтің қорғаушылары бұл мән-жайларды бірінші рет естіп отыр" және бұл мән-жайлар қылмыстық қудалау органы біліктілігі қаулысымен өз қорғаушысына ұсынылмаған.
"Қорғау тарапы Бас прокуратура өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің тиісті процессуалдық рәсімдерінсіз Жұмагелдиев А.-ға қатысты болмаған мән-жайларды жариялап, БАҚ пен қоғамды қасақана жаңылыстырды деп есептейді. Мұнымен тергеу біржақты және айыптау бағытында өтетінін көрсетті", - деп жазды адвокат Талғат Есімов.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.