Үкімет алдағы екі айдың ішінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірлеуі керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент қоғам болып табысты әділ бөлісу мәселесінде ымыралы пайым қалыптастыру маңызды екенін айтты.
«Бұл - билік пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық аспектілерді, мемлекеттік саясат, ұлттық бірегейлік, жастарды тәрбиелеу сияқты мәселелерді қозғайтын ортақ міндеті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен бірге, ол шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару мәселесіне тоқталды.
«Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.