$ 449.58  486.94  4.86

Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада Абайдың әніне өнер көрсетті

Оның жаттықтырушысы - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің досы Стефан Ламбьель.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев 2022 жылғы Олимпиадада Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әніне өнер көрсетті, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Васильев 85,30 ұпай жинап, жетінші орын иеленді. Қысқы ойындар аясында 10 ақпанда ерлер арасында еркін бағдарламадан жарыс өтеді.

Васильев қаңтардың аяғында өткен Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл - оның карьерасындағы ең жоғары жетістігі және латвиялық мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең үздік нәтиже.

Бейжің Олимпиадасы - Васильевтің карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол Пхенчхан-2018-да 19-орынға ие болды. Оның жаттықтырушысы - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің досы Стефан Ламбьель. Сондықтан Абай әні таңдалған болуы мүмкін.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары