Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Тағы бір мәселені атап өткім келеді. Тиімсіз сауда делдалдықты тоқтататын уақыт жетті. Мәселен, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегінде тұрғындар тауарларды негізінен «Алтын Орда» базарынан сатып алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, нарықты тәртіпке келтіруді тапсырамын»,- деді мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, базар «май шелпекке» айналған. Оны Алматыдағы қаңтар оқиғасынан көруге болады.
«Бұл басқа өңірлерге де қатысты. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдарын тарту керек»,- деп қосты Тоқаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.