$ 444.22  476.38  4.82

Бейжің-2022: Шаңғышыларымыз ширек финалға шыға алмады

Аталған сында ел намысын ерлерден Евгений Величко мен Виталий Пухкало қорғаған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында шаңғыдан ерлер арасындағы спринттен іріктеу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сында ел намысын ерлерден Евгений Величко мен Виталий Пухкало қорғаған болатын. Өкінішке қарай екеуі де ширек финалға шығатын үздік 30 шаңғышының қатарына іліге алған жоқ. Атап айтсақ, жарыс қорытындысы бойынша Величко 62-орынға, ал Пухкало 66-орынға орналасты.

Осылайша  спортшыларымыз спринтте іріктеуден өте алмады. Жарыстың ережесіне сәйкес, ширек финалға жолдама алу үшін спортшылар алғашқы 30 шаңғышының қатарына енуі керек. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер арасында өткен спринттен іріктеу сайысында аруларымыз үздік 30 спортшының қатарына қосыла алмады.

Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша ел намысын қорғап жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары