$ 494.87  520.65  4.91

«Президенттің әртүрлі делдалдар мен монополиялық операторлар, қажетсіз агенттерді сынға алуын қолдаймын» - сарапшы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында министрлер кабинетінің басшысы, министрлер және өңірлер әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Осы орайда саясаттанушы Қазбек Майгелдинов автокөлік иелері үшін екі жақсы жаңалық айтылғанын атап өтті.

«Біріншісі – кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі азаяды. Екіншісі - жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Сондай-ақ, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін тауарлық газдың бағасы өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітілетін болады», - дейді ол.

Сарапшы Президенттің Алматы қаласының дамуына ерекше тоқталғанына назар салды. 

«Наурызда Президенттің Алматыға жұмыс сапары болатыны айтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаланың ең ірі нарығы - Алтын Ордада тәртіп орнатуды, сондай-ақ мектептерді ұлғайту мәселесін шешуді тапсырды. Тағы бір маңызды мәселе мемлекеттік монополияның зияны туралы болды. Сонымен бірге, Президент әртүрлі делдалдардың, монополиялық операторлардың, «қажетсіз агенттердің» комиссиялары мен тарифтерін сынға алып, әрбір осындай жағдайды анықтап, оларды түзету үшін нақты шешімдер қабылдауды тапсырды», - деді Майгелдинов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары