Жаңалықтар 09.02.2022 сағат 10:40

Алматы облысының тұрғыны сегіз зейнеткер мен мүгедекті қамқорлығына алған

Алматы облысының тұрғыны үйін өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған баспанаға айналдырды.
Алматы облысының тұрғыны сегіз зейнеткер мен мүгедекті қамқорлығына алған
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысының тұрғыны үйін өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған баспанаға айналдырды. Бүгінде сегіз зейнеткер мен мүгедек Саниям Мұхамедсадықовамен бір шаңырақ астында үлкен әрі тату отбасы ретінде бірге тұрады. Бұл туралы "Алматы"телеарнасының сюжетінде айтылған.

Осы үйде тұратындардың бірі - зейнеткер Ольга Беспалова. Ол ұлымен арадағы келіспеушіліктерден шаршап, өз үйінен кетіп қалған. 

"Үйімде оларға үнемі "кедергі" келтірдім. Ас үйге барсам, "былай тұр, дұрыс істеп жатқан жоқсың" дейді. Бөлмеме барып, жылайтынмын. Мұнда бәрі жақсы. Өте жылы, өте жақсы, олар мені құрметтейді, жақсы көреді. Соня - керемет адам, мен ол жасаған нәрсені істей алмас едім", - дейді Іле ауданының тұрғыны.

Зейнеткер Александр Неворотов сегіз жыл бұрын қант диабетіне байланысты аяғынан айырылған. Төрт жылдан кейін екіншісін кестірген. Кейін әйелі мен ұлының қазасы оған ауыр соққы боп тиген.

"Қалыпты өмір сүреміз, ешқашан жанжал шығармаймыз. 7 ақпанда түнгі сағат 12-де осында, Төлебаев көшесіне келдім. Олар менің отбасым екеніне өте қуаныштымын", - деді ол.

С.Мұхамедсадықованың қайырымдылық істері алты жыл бұрын басталған. Ол саябақта күні бойы орындыққа отырған атаны байқаған. Сөйтіп, оның жанынан жай ғана өтіп кете алмай, зейнеткерді үйіне алып кеткен. Атамен төрт жыл бірге тұрған. Ол ата кейін үйленген, бірақ әлі күнге дейін Санияммен байланысын үзбеген. Осы жылдар ішінде әйел 15 адамды қамқорлығына алған. Қазір сегіз адам бір шаңырақ астында тұрады.

"Біз интернатта тұрдық. Мұғалімдер мен тәрбиешілер мүмкіндігің болса, басқаларға көмектес деп үйретті. Жағдайың жетсе, тамақтандыр, қамқорлығыңа ал. Әрине, 80 шаршы метр үй 180 шаршы метр үйдей болмайды. Бірақ тар үйде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз", - дейді С.Мұхамедсадықова.

Әйелдің айтуынша, күйеуі зейнеткерлер мен мүгедектерге қамқорлық жасауға көмектеседі. Ол жұбайымен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Ұлдарының бойына жанашырлық пен мейірімділік секілді ізгі қасиеттерді дарытып жатыр.

Саниямның есігі барлық мұқтаж жанға ашық. Олар жұбайымен бірге қиын жағдайға тап болғандарға арналған орталық ашқысы келеді. Қазір оның құрылысы жүріп жатыр.

Кез келген адам реквизиттерге ақша жіберіп, құрылысқа көмектесе алады. Олар биліктен көмек сұрағысы келмейді. Жалғыз өтініштері - Іле ауданы Мерей саяжайындағы жолдардың жөнделуі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар