$ 494.87  520.65  4.91

«Қызды арыққа лақтырып жіберген»: Алматыда көшелердің бірінде түсірілген жаға ұстатарлық видео таралды

Алматы қаласының әлеуметтік желілерінде белгісіз ер адамның қыз баланы жол бойындағы арыққа лақтырып жібергені туралы ақпарат тараған.

Көпшілікті дүр сілкіндірген бейнежазба көптің талқысына түсіп кеткен. Алайда кейін істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушінің арыққа лақтырған адамы қыз бала емес – мас жігіт екен. Бірақ бұл ер адамның қылығына араша бола алмайтыны анық.

"Біз арыққа лақтырған қыз бала туралы анықтадық. Бүгін Kris-P Almaty Сәтбаев көшесінде көліктердің қозғалысына кедергі келтірген ер адамның (мас күйде болуы мүмкін) видеосын жариялаған болатын. Оның күртешесіне қарағанда, бұл сол "қыз", - деп жазады Qumash telegram-арнасы.

Жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген. Керісінше оған жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды.

Ал оны арыққа лақтырған азаматты полиция іздестіріп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары