$ 448.56  478.03  4.79

Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры «Қазақстан халқына» 1 млрд теңге аударды

"Салиқалы Ұрпақ" қорының ұжымы мен басшылығы қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандарына көңіл айтты.
static.tildacdn.com
static.tildacdn.com

"Салиқалы Ұрпақ" қайырымдылық қоры "Қазақстан халқына"Әлеуметтік қорына 1 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қоры ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу үшін құрылды.

Ал "Салиқалы Ұрпақ" қоры өз жұмысын 2016 жылы бастаған. Бес жыл ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықтың осал топтарын қолдау мақсатында 1 млрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобаларын іске асырды.

«"Салиқалы Ұрпақ" қорының ұжымы мен басшылығының атынан қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандарына шын жүректен көңіл айтамыз. Еліміз үшін осы қиын уақытта біз Мемлекет басшысының айналасына бірігуге және Қазақстан халқына көмектесуге тиіспіз», - деп пікір білдірді қордың директоры Қасым Қасабеков қордың ресми сайтында.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары