Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған темір жол апатынан қаза тапқандар саны 142 адамға жетті. 110 мәйіттің кім екені анықталған. Қалғандарының тұлғаларын анықтау жұмыстары жүргізілуде деп жазады The Indian Express.
Жараланғандар саны 200 адамнан асады. Бұған дейін апаттан көз жұмғандар саны 100-ден асты деп хабарланған болатын. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, апатқа себеп болған жайт — темір жолдың зақымдануы. Оқиғаның өзі кеше жексенбіге қараған түні орын алған еді. Индаур — Патна бағытында қатынайтын пойызда барлығы 14 вагон болған. Олардың бәрі рельстен шығып кетті.