Қарағанды облысында Юрий Шайдулин 20 жыл еңбек еткен жерінен айырылып қалуы мүмкін екенін айтады. Әкімдіктегілер жердің 70% өз мақсатында қолданылмады деп жалға беру жөнінде келісімді бұзған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Сарепта ауылының тұрғыны Юрий Шайдулин 400 гектар жерге арналған тұмқым дайындап қойған. Енді оларды сату керек дейді. Себебі қараша айында оған сотқа шақырту келген. Анықталғандай әкімдік жер өз мақсатында қолданылмағандықтан келісімді бір жақты негізде бұзбақшы екен.
"Бірде-бір тексеріс болған жоқ. Шенеуніктер көп, бірақ ешкімге керек емес. Биылғы жылы құрғақшылық болды, бидай 8 центнер берді. Жауын жауған жоқ", – дейді шаруа Юрий Шайдулин.
Өткен жылы Шайдулин егіс алқабынан 150 тоннадан астам астық алған. Жүздеген шаруа малдарына жем сатып алыпты. Бұл кезде ол 800 гектар егін еккен екен, ал 150 гектар жерді келесі жылға дайындаған. Сонымен қатар көрші шаруашылықпен бірге әрекет ету жөнінде келісім жасасқан. Көршісі өзінің өрісінде Юрий Шайдулиннің малын бірге бағып берген. Алайда аудандық әкімдікте де, сотта да мұны дәлел ретінде қарастырмаған.
"Бұл жер иесінің малы бірыңғай мал базасында тіркелмеген. Өкінішке орай жер телімінде пішен шабу жерді игеру болып табылмайды. Барлығы ресми дереккөздерінде көрсетілуі қажет", – деді Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің облысы Саят Мусин.
Ғарыштан түсірілген суреттер Юрий Шайдулиннің жердің тек 30 пайызын игергенін көрсеткен. Алайда шаруа қыста мұның қате дерек екенін дәлелдей алмаймын дейді. Ал өзге шаруалардың Шайдулиннің шаруашылығы тиімді екенін айтады.
"Астық сатып аламыз. Жем беріп отырған соң бізге көбірек астық қажет. Жеңілдік жасайды. Кейде қарызға да береді", - дейді Қоянды ауылының шаруасы Жангүл Алипбекова.
"5 жыл болды, астық пен шөп сатып аламын. Биыл шамамен 50 тонна астық алдым, бағасы нарықтағыдан арзан. Сонымен бірге 3 мың тең шөп бар", – деді Самарқа ауылының шаруалары Ислам Асқарова.
Әкімдіктегілер ауданда әр алтыншы шаруаның жері дұрыс игерілмегені үшін қайтарып алынғанын мәлімдеді. Енді Юрий Шайдулин облыстық сотқа аппеляциялық арыз жазбақ.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.