$ 494.87  520.65  4.91

Танымал үш вайнерге бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов «Mudarabah capital» қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның ортақ иелері ретінде тұрақты түрде табыс алып отырған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кеше түнде тергеу соты танымал үш вайнерге – Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялады. Үшеуі де Қылмыстық кодекстің 217-бабы – «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша күдікті деп танылды. 

Осы баптың 3-бөлігі бойынша олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Тергеушілердің айтуынша, Төребаев, Саидбаев және Шерниязов «Mudarabah capital» қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның ортақ иелері ретінде тұрақты түрде табыс алып отырған.

Бұған дейін дәл осы іс бойынша компанияның бас директоры Руслан Бұрқанов қамауға алынса, кейіннен онымен бірге басқа әріптестері де тергеу изоляторына қамалды. Бір қызығы, Төребаев, Саидбаев және Шерниязов белгілі бір себептермен кепілмен босатылған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары