Қайғылы оқиға Қосанов көшесіндегі жер үйлердің бірінде орын алды. Түтіннен уланған 18 және 23 жастағы апалы-сіңлі қыздар тіл тартпай кеткен деп жазады Informburo.kz.
Құтқарушыларға төтенше жағдай туралы ақпарат таңға жақын келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдің шатыры және ішкі бөлмелер өртеніп жатқанын тіркепті. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үйден ес-түссіз жатқан екі қыз бен бір ер азаматты алып шыққан. Алайда, жедел-жәрдем жеткенше апалы-сіңлі қыздар жан тапсырыпты.
Ал, 1959 жылы туған үй иесінің беті күйіп, ыстан уланып қалған. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.