11.02.2022, 16:00

«Шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылды» – Әділет министрлігі

Фото: inform.kz
Президенттің қатысуымен жақында өткен Үкімет отырысында екі айдың ішінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірлеу бойынша тапсырма берілген болатын.

Былтыр Әділет министрлігі шетелге шығарылған 530 млн доллар елге қайтарылуына себепкер болған. Вице-министрі Азамат Әмірғалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай ақпарат айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды», - деді вице-министр.

Айтуынша, Әділет министрлігі тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік, ал өнеркәсіптік меншік объектілеріне 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілген.

«2021 жылға арналған республикалық бюджеттен министрлікке 53 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді», - деп түйіндеді Азамат Әмірғалиев.

Аталмыш жиында сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар екені айтылды.

«Сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30% көп. Шамамен 300 млрд теңге болатын 2 млн 349 166 құжат толық орындалды. Бұл – өндірістегі құжаттардың 74%-ы», -дейді Әділет министрінің орынбасары Азамат Әмірғалиев.

Еске салсақ, Президенттің қатысуымен жақында өткен Үкімет отырысында екі айдың ішінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөнінде ұсыныс әзірлеу бойынша тапсырма берілген болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.