11.02.2022, 16:20

«Ақша айырбастау пунктерін терроризмді қаржыландыру үшін пайдалануы мүмкін» – агенттік

tobolinfo.kz
Ірі сомадағы қолма-қол ақша көп жағдайда оның қылмыстық жолмен алынғанын білдіреді

Қазақстанда айырбастау пунктері терроризмді қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін, деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 500 мың теңгеден асатын сомаға валюта айырбастаған кезде айырбастау пунктері клиенттің жеке куәлігі мен тұратын мекенжайын талап етуге тиіс. Егер операция сомасы 500 мың теңгеге дейін болса, клиент тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Ведомство мәліметінше, мұндай талап қылмыстық кірісті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қойылып отыр.

"Алайда Қазақстанда қазір жағдай басқаша. Айырбастау пунктерінің бәрі бұл ережелерді сақтай бермейді, яғни өз клиентін сәйкестендірмейді", - деп мәлімдеді агенттік.

Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң айырбастау пунктерін клиенттерді сәйкестендіріп қана қоймай, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге, терроризммен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімін қадағалауға, сондай-ақ күмәнді операциялар туралы Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлауға міндеттейді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.