$ 498.34  519.72  4.85

«Қаңтар оқиғасында қарулы күштер Тоқаевты сатып кетті» – Әбдірахманов

Сұхбат барысында Әбдірахманов Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділов туралы айтты.

Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болған. Екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты болған Серік Әбдірахманов сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы, Нұрсұлтан Назарбаев, «НұрОтан» партиясы, депутаттар туралы айтты, деп хабарлайды orda.kz.

Сұхбат барысында Әбдірахманов Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділов туралы айтты.

– 2005 жылы Заманбек қайтыс болар аллында халыққа хат жазды. 1993 жылы мен қателесіп, Назарбаевқа сеніп қалыппын деді. Мұның теоретигі, супержүйеге Алтынбектер идеолог болған, кейін қатесін түсінді, бірақ істерін істеп кетті, Құдай кешірсін, – деді ол сұхбатта.

Қаңтар қасіреті туралы айтқан Әбдірахманов ҰҚШҰ әскерлерін кіргізу туралы да пікір білдірді.

– Қаңтарда қан төгілді, азаматтан айрылдық, кішкентай балалар қыршынынан қиылды. Былай айтқанда, қарулы күштер Тоқаевты сатып кеткен. Қарусыз ұлттық ұлан әскерлерін бандиттердің алдына шығарған. Бұл қылмыс, сатқындық. ҰҚШҰ әскерлерін шақырған Тоқтар Әубәкіровты сынап жатыр, мен оны қолдадым, – деді Серік Әбдірахманов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары