$ 448.15  483.46  4.86

Журнал атауының қазақша болуын талап еткен ТЖМ өкілі қудаланды

Осы жылдың басынан бастап журнал «Қазақстан құтқарушылары» деген атаумен шығатын болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ТЖМ қызметкері, тіл жанашыры Бақыт Қаржаубайұлы қазақ тілін талап еткені үшін жылдар бойы сыйақыдан қағылып, қудалау көріп, қызметінен төмендетілген, деп жазды turkystan.kz.

«Пожарный и спасатель Казахстана» журналының атауы мемлекеттік тілде болмаса, жазылудан бас тартамын және жеке құрамға жазыл деп айтуға қақым жоқ!» – депті Бақыт Қаржаубайұлы.

Қазір қызметінен төмендетілгенмен, бұл ұлтын ерекше сүйетін, патриот азаматтың сағын сындыра алмаған.

«Ол дегеніне жетті. Осы жылдың басынан бастап журнал «Қазақстан құтқарушылары» деген атаумен шығатын болды. Қаржаубайұлы сияқты намысты жігіттер көп болсын» деп жазды журналист Кенжегүл Тергембай өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары