13.02.2022, 06:26

Маңғыстау облысына қоқиқаздар ұшып келді

Фото: ашық дереккөз
Қоқиқаздардың фотосы мен видеосын қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев өзінің әлеуметтік парақшаларына салды.

Маңғыстау облысына қоқиқаздар ұшып келді. Азамат Сәрсенбаев желіде фото мен видео салды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Азамат Сәрсенбаев Фейсбук парақшасына қоқиқаздардың видеомын жариялады.

«Өкінішке қарай, оларға жақын бару мүмкін болмады, инфрақұрылым дұрыс емес, тамашалап тұратын арнайы алаң жоқ, жалпы алғанда ештеңе жоқ...

Негізі Қаракөл Маңғыстаудағы ерекше жер болып саналады. Оны Дубайдағы Рас-аль-Хор қорығына ұқсас етіп тастауға болады. Бірақ, қолымыздағы бары – осы», - деп жазды ол.