$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда қаңтардағы бүлік кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтіп жатыр

Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн
Sputnik.kz
Sputnik.kz

Сағат 12 шамасында Алматыда Республика алаңында бірқатар азаматтық белсенді ұйымдастырған митингі басталды. Ол қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған.

Сондай-ақ жиналғандар тәртіпсіздіктерге қатысу фактісі бойынша ұсталғандарды азаптауды тоқтатуды талап етіп отыр.

Митингке қатысушылардың арасында Жанболат Мамай, Болат Әбілов және басқа да бірқатар қоғам қайраткері болды, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан тілшісі.

Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн.

 

"Митингіге қатысушылар қаза болғандардың, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық істер бойынша тергеліп жатқан адамдардың суреттерін ұстаған. Олардың "Бостандық" деген даусы естіледі", - деп хабарлайды Sputnik Қазақстантілшісі Алматы қаласындағы Республика алаңынан.

Оның айтуынша, шараға жүзге жуық адам қатысуда. Полиция қоршауға алмаған. Қала билігі митингтің өтетін орны мен уақыты туралы хабардар болған-болмағанын қатысушылар түсіндіре алмайды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары