Жаңалықтар 13.02.2022 сағат 18:20

Екібастұздан табылған 4 маугли баланың денсаулығы орташа ауыр

Дәрігерлердің айтуынша, төртеуінің ішінен тек 7 жастағы бала сөйлей алады, ал қалғаны үндемейді немесе жылайды.
Екібастұздан табылған 4 маугли баланың денсаулығы орташа ауыр
tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Екібастұздан табылған төрт маугли бала Павлодар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында тексеруден өтіп жатыр. Барлық баланың жағдайы орташа ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш ұлдан пневмония, ал қыз баладан коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен қатар, дәрігерлер балаларда басқа да ауру табылуы мүмкін екенін айтты. 
 

"Рахитке күдік бар, бірақ тексеру әлі де жалғасып жатыр, басқа патологиялар анықталуы да мүмкін. Енді соңғы нәтижелерді күтеміз. Балалардың жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
 

Дәрігерлердің айтуынша, төртеуінің ішінен тек 7 жастағы бала сөйлей алады, ал қалғаны үндемейді немесе жылайды.

Дәрігерлер екібастұздық балалардың маскүнем әпкесінің бір жасар сәбиінің жағдайы туралы да айтты. 
 

"Бала Ақсу қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Қыздың жағдайы қанағаттанарлық, патологиясыз", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Павлодарлықтар балалардың тағдырына алаңдап, тамақ пен заттай көмегін ұсынып жатқаны да хабарланды. Бірақ, жергілікті еріктілердің айтуынша, балаларға қажеттінің бәрі сатып алынды.
 

"Қазіргі уақытта олардың бәрі бар! Оларға қажеттінің бәрін мейірімді адамдар сатып алды", - деп хабарлады "Vita "Павлодар іздеушілері" еріктілері Instagram-да.
 

Еске салайық, Екібастұзда жалдамалы пәтерлердің бірінен төрт науқас, аш бала табылды. Олар ата-аналарымен бірге антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келген, үш күн нәр татпаған. Үйдегі үлкен бала жеті жаста, қалғандары бес, төрт және үште. Балалар жүре алмайды, адамдардан қорқады.

Кейінірек "маугли" балалардың оқиғасы күтпеген жерден жалғасын тапты. Еріктілер олардың маскүнем әпкесін тауып алды. Павлодар облысында ауылда тұратын ол бір жасар сәбиін жиі суық, от жағылмаған үйде қалдырып кетеді екен. Оқиға орнына шақырылған әлеуметтік қызмет қызметкерлері үйде үсіп жатқан баланы тауып, оны дәрігерлерге жеткізді. 
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар