$ 494.87  520.65  4.91

Қолайсыз ауа-райына байланысты Қызылорда-Павлодар және Екатеринбург-Алматы жолдары жабылды

Қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғып тұр.

Қарағанды облысында бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 ақпан күні Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғып тұр. Осыған байланысты сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірқатар жолдардың учаскелерінде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды.

Олар: «Қызылорда – Павлодар» (Қарағанды ​​– Павлодар облысының шекарасы); «Екатеринбург – Алматы» (Қарағанды ​​– Ақмола облысының шекарасы, Қарағанды ​​– Ақсу-Аюлы ауылы және Қарағанды ​​қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолының учаскесі).

Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары адамдарды құтқару үшін екі мәрте жолға шықты. Нәтижесінде 4 адам құтқарылып, 2 автокөлік тазартылған аумаққа сүйретіліп шығарылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары