Қазақстандағы орташа жалақы 158 мың теңге. Мұндай ақпаратты КТК телеарнасы жариялады. Журналистер қазақстандықтардың нақты жалақысы неліктен статистикалық мәліметтерде айтылатын цифрдан неге төмен екенін анықтап көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресми деректер бойынша, Қазақстанда орташа жалақы қазір 275,5 мың теңгені құрайды және ол үнемі өсіп келеді. Мемлекет басшысы мұны шындыққа жанаспайды деп, халықтың табысы жалақыдан гөрі әлеуметтік жәрдемақыларға көбірек тәуелді екенін атап өтті. Ал әлеуметтанушылар сандардың айырмашылығын былай түсіндіреді.
"Егер біз кірісті алатын болсақ, онда күзде, мысалы, шамамен 38% адамның отбасылық жиынтық табысы 100-ден 200 мың теңгеге дейін болған, ал шамамен 23%-ның табысы 200-ден 300 мың теңгеге дейін болған. Бірақ бұл бізде қолданылатын көрсеткіш. Міндетті тұрде обасы коэффициентіне бөлу керек. 100-ден 200 мың теңгеге дейінгі табысты 4-ке бөлу керек, сонда президент айтқан 50 мың теңге шығады. Бірақ егер біз өңір бойынша бөлсек, онда басқаша көрсеткіш пайда болады", – дейді "Стратегия" Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова.
"Көпірме есеп, нағыз көзбояушылық": Президент жалақы өсімі туралы статистика беретіндер жайында айтты
Қазақстанның қай университеттерін бітірген түлектер ең жоғары жалақы алатыны белгілі болды
Статистикаға сүйенсек, ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында және ол 420 мың теңге. Сондай-ақ көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысы кірді. Ең төменгі орташа жалақы Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Бірақ мұндай сандар қалай пайда болады?
Ұлттық статистика бюросында кәсіпорындар қызметкерлердің жалақысы туралы есеп береді дейді.
"Олардың жалақы қоры жинақталып, нақты қызметкерлер санына бөлінеді. Содан кейін сол кезеңдегі айлар санына бөлінеді. Бір тоқсанда үш ай бар. Шамамен 1,5 мың 30 адамға бөлініп, үш айға бөлінеді. Бұл бір тоқсандағы орташа көрсеткіш. Есептеулерге сыйлықақылар, үстемеақылар кіреді, бірақ зейнетақы және салық аударымдарын есептемейді", – деп түсіндіреді Ұлттық статистика бюросы департаментінің бас сарапшысы Алмагүл Саметова.
Қазақстандықтардың нақты қаржылық жағдайы ресми сандарға қарағанда әлдеқайда төмен.
"Біздің азаматтарымыздың көпшілігі аз жалақы алады. 70 мың, 60 мың теңге болатын жалақы бар. 100-120 мың теңге жалақы бар. Сондықтан, әрине, Статистика тұрғысынан қателіктер бар. Біз жағдайды жақсы етіп көрсететін әдістемелерді қолданатын статистикадан кетуіміз керек", – дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.
Сарапшылар статистиктерге медианалық және модальды жалақы мөлшерін айтуға кеңес береді. Медианалық жалақы орташа статистикалық қазақстандықтың жалақысын көрсетеді. Бүгінде ол 158 мың теңгені құрайды.
Мұндай сома шынайы көрсеткішке жақын. Ал модальды жалақы жұмысшылардың көбіне қанша қаражат алатындығын көрсетеді.
Әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова тұтыну пирамидасының шегінде қалған адамдар саны артып келе жатқанын айтады. Өткен жылы мамандар зерттеу жүргізіп, халықтың кедейленгенін анықтаған.
Тіпті тамақтануға қаражаты жетпейтіндердің көрсеткіші 13%. Өткен жылдары бұл көрсеткіш 3 % болатын.
Азық-түлік сатып ала алады, бірақ бірден киім немесе аяқ киім ала алмайтын азаматтар 30% . Шамамен 40%-ы жаңа техниканы немесе жиһазды сатып ала алмайды.
"Киім, тамақ жеткілікті, бірақ шартты түрде ірі сауда-саттыққа, тұрмыстық техникаға қаражаты жетпейтіндер саны көп. Сондықтан несиелер тұрмыстық техникаға алынады. Бұл топтың көрсеткші шамамен 56-60% болды. Бұл әлеуметтік топ елді тұрақты жағдайда ұстаған негізгі топ. Ал қазір олардың көрсеткіші азайған 40% болды", – дейді Гүлмира Илеуова.
Сарапшылар мұны елде инфляция өсіп, бірақ жалақы өспейтінімен түсіндіреді. Нәтижесінде адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мынанай цифрды келтірді. Миллионнан астам азаматтың жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді, яғни 36 мың теңге. Бұл соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш.