$ 494.87  520.65  4.91

Бейжің Олимпиадасының 14 ақпан күнгі жарыс кестесі

14 ақпан күні Бейжің Олимпиадасында қазақстандық атлеттер спорттың бір түрінен сынға түседі.
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қысқы олимпиада ойындары бағдарламасының 11-күні төрт спорт түрінен медальдар сарапқа салынады, соның ішінде фристайл акробатикасы бойынша қазақстандық спортшылар жарыс алаңына шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 ақпанда 2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындарында әйелдер арасында фристайл акробатика бағдарламасы бойынша үздіктер анықталады. Қазақстанның атынан екі қатысушы – Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаева қатысады. Қыздар іріктеу кезеңін 13 ақпанда бастауы керек еді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты байқауды ұйымдастырушылар іріктеу кезеңін 14 ақпанға ауыстырған болатын.

Бірінші іріктеу 13:00-де, екіншісі 13:45-те өтеді.

1-финал – 17:00, 2-финал – 18:00-де болады.

Спортшыларға сәттілік тілейміз.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары