$ 441.66  475.14  4.86

Назарбаев ескерткішін құлатқан жігітті азаптаған полицейлер табылды

Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов қылмыскерлерді анықтағанын айтты.
orda.kz
orda.kz

Назарбаевтың ескерткішін құлатты деген күдікке ілінген Азамат Батырбаев оған кімдердің қысым көрсеткенін тапты, деп хабарлайды orda.kz.

Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов қылмыскерлерді анықтағанын айтты.

«Батырбаев Азамат өзін азаптаушыларды анықтады» деп жазды Азанов Facebook парақшасында.

Еске салсақ, Батырбаев 5 қаңтарда Талдықорғандағы наразылық акциясына қатысқан. Өзге демонстранттармен бірге ол Назарбаевтың ескерткішін бұзды.

Талдықорғандық 37 жастағы азаматты құқық қорғау органдары ұстады.

Кейін желіде Батырбаевты полиция ұстап, соққығы жығып, азаптап, денесін ыстық үтікпен күйдіргені туралы ақпарат пайда болды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары