Димаш Құдайбергеннің Индонезиядағы жанкүйері өз қолымен қазақтың ұлттық костюмін тігіп шықты. Кики Чанды қазақша сәукеле мен көйлек тігуге шабыттандырған Қазастанның бірегей мәдениеті болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаш әрқашан туған елінің мәдениетіне зор сүйіспеншілікпен қарайды. Жеке өзім үшін Қазақстанның мәдениеті ғажап әрі ерекше болғаны соншалық, қазақтың ұлттық киімін киіп немесе ұлттық музыкалық аспабын тартып көргім келді. Қазақстанның сұлулығы менің жүрегімді және дүние жүзіндегі барлық Dears-тың жүрегін жаулап алды, - дейді Кики Чан.
Бала күнінен әртүрлі ұлттардың дәстүрі мен әдет-ғұрпына қызығатын Кики Чан қазақтың да ұлттық костюмін тігіп көргісі келіпті.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.
Кики Чан қазақтың ұлттық киімін зор құрметпен әрі ерекше ыждағаттылықпен тіккенін айтады. Материал мен образды ұзақ таңдап, ақыры бір тоқтамға келген.
Сөйтіп ол қазақтың туы бейнеленген жамылғы тігуді құп көріпті. Кики Чанның айтуынша, киімдегі ақ үлпек те бекерге таңдалмаған. Ол Қазақстанның суық, қарлы климатынан хабардар етеді.
Ту мен ою-өрнекті моншақпен өте мұқият кестеледім. Дайын болған мантияны үлкен құрметпен киемін, себебі ту – елдің символы. Мен Индонезия мен Қазақстан арасындағы достықты білдіре отырып, қазақ мәдениетін көрсете алғанымды мақтан тұтамын. Сондықтан бұл костюмді тіккеніме қатты қуандым, - дейді өзі.