Апалы-сіңлілі Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалардың мінсіз мүсіндері ерлер қауымын тәнті етуден жалықтырар емес. Тіпті кейбірі оларды үшінші әйел қылып алуға да кетәрі емес екен деп жазады Elorda.info.
Мәселен, продюсер Әміржан Мәуленов өзінің instagram-парақшасында екі арудың бірін үшінші әйел етіп алуға қарсы емес екенін жазыпты.
Продюсер Жолдыбаевалардың суға шомылуға арналған киіммен түскен суретін салып:
"Негізі әжептәуір қыздар ғой. Екеуінің біреуін 3-і қылып алсам? Қазақтың қыздары... несі бар, несі жаман?" - деп жазба қалдырған.
Желі қолданушылары әдеттегідей жапа-тармағай пікір жазып жатыр.
«Шымкентке +1 келін бұйырса», «Сізге лайықты емес», «Сізге тиіп жабық киініп кетер», «Бұлар қатын болуға жарамайды», - деп жарыса жазған.
Десе де пікір қалдырғандардың арасында ашық-шашық киінген жұлдыздарды сынға алғандар да жоқ емес.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.