"Барлық білім беру ұйымдары меншік формасына қарамастан жалпыміндетті стандартты сақтауға міндетті. Жаңа жобаны қоспай тұрып дәлелдемелермен бекіген және алдын ала талқыға түсуі керек", - делінген министрлік хабарламасында.
Министрлікте мұндай шешімді сәйкес зерттеулерден кейін ғана қабылдау керегін қосып өтті.
2021 жылы педагогтардың тамыздағы конференциясында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясына тиімді оқу мерзімі мен жүктемені азайтуға бағытталған зерттеу жүргізу тапсырылған. Зерттеудің қашан аяқталатыны белгісіз.
Бұған дейін Binom school мектебінің құрылтайшысы Айдын Рахымбаев оқу жылын ұзарту жайлы министрлікпен келісімнің бар екенін айтқан еді. Binom мектептері аталмыш бастаманы қолданып пилоттық жобаны іске қосатынын мәлімдеген.
Рахымбаевтың сөзінше, премьер-министр де бұл бастаманы қолдап, мектептерге жаңашылдық енгізу қажет екенін айтқан.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.