15.02.2022, 01:33

Көлік полицейлері елордаға героин жеткізу арнасының жолын кесті

Ашық дереккөзден
Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды. Алынған героиннің жалпы салмағы шамамен 140 граммды құрады.

Көлік полицейлері елордаға героин жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Көлік полициясының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Нұр-Сұлтан қаласында героин таратумен айналысқан тұрақты қылмыстық топты жойды. 

Осылайша, жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша 5 есірткі сатушы – Нұр-Сұлтан қаласының 28-57 жас аралығындағы тұрғындары ұсталды.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғалды. 

Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды. Алынған героиннің жалпы салмағы шамамен 140 граммды құрады. Айта кету керек, бұл ауыр есірткінің аса ірі салмағы 1 грамнан басталады, оның заңсыз айналымы үшін мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Героин – ауыр түрлерге жатады, апиын көкнәрінен алынатын күшті есірткі болып табылады, оны шамадан тыс қолдану салдарынан әлемде жыл сайын 100 мыңға дейін есірткіге тәуелді адамдар қайтыс болады.

                                                                                                                     baq.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.